20.05.2025, 22:00
Оқылды: 183

Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан элиталық дивизионнан шығып қалды

Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында жеңіліс тапты.

7a64037a-1652-4867-a3c2-e1f8e91d5ac8

Ұлттық құрама Швейцарияға есе жіберді.

Қазақстан 16-минутта есеп ашты. Гол авторы — Аркадий Шестаков. Екінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда швейцариялықтар артық құрамда шайба соғып, үшінші кезеңде тағы бір голмен алға шықты. Ойын соңына қарай есеп 4:1 болып, қарсылас команда жеңіске жетті.

Швейцария – Қазақстан 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 – 15:17 – Шестаков (Бекетаев, Михайлис)

1:1 – 39:55 – Фиала (Мальгин, Кукан) артық құрамдағы гол

2:1 – 47:15 – Андригетто (Мальгин, Мозер) артық құрамдағы гол

3:1 – 57:06 – Амбюль (Нидеррайтер, Фиала)

4:1 – 57:44 – Риат (Кнак, Фора)

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орынға түсіп, элиталық дивизионмен қош айтысты.

Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале