21.04.2023, 22:31
Оқылды: 45

Шайыр ұлықталған шырайлы кеш

 Бүгін Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «ДАЛА ДИДАРЫ» көшпелі өнер ұжымының маусымашар концерті өтті. 342613539_766882071815466_5224956912287926897_n

342605358_243587011495028_5785649739606423866_n

342580212_2884709444999504_1175107333511348218_n

342574293_551012690477031_4301020225928627300_n

 

Концертті «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин жүргізді. Ең әуелі экраннан ақынға арналған бейнебаян көрсетілді. Содан соң сөз алған жоба жетекшісі Бауыржан Халиолла Қадыр Мырза Әлінің күллі қазаққа ортақ тұлға екенін айта келе, өнер ұжымының алдағы уақыттағы шығармашылық сапарларына тоқталды.

Іс-шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Донеділ Қажымов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Какимов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі, республикалық конкурстардың лауреаттары Альберт Ғазизжанов, Мәди Сабыров, Ерлан Қуанышев, Әділ Ахметов, «Інжу» және «BatysStar» топтары өнер көрсетті.

342550012_1653047965126603_2693595071752248987_n

342365458_3372115479715782_6740065394974314662_n

342357250_1181760215787055_827826269905711874_n

342208971_1307087306509553_5633993715336535554_n

342208165_1431444324258929_1257681501870964601_n

342215175_749671716597305_1659540514889024598_n

Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Ақжайық», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Тамды аруы», «Әже туралы ән», «Тамаша», «Жар», «Сыған серенадасы», «Кездер-ай», «Орал – әнім сенсің шалқыған», «Жол жыры», «Өз елім» және «Атамекен» секілді әндер шырқалды.

Өз кезегінде облыс әкімі Нариман Төреғалиев көшпелі өнер ұжымына сәттілік тілеп, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы мәдени-шығармашылық бөлімінің басшысы Жамиға Камалованы және дыбыс режиссері Мейірхан Аюповты «Батыс Қазақстан облысының үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.

342217550_925639168758086_1316101666666966888_n

342349893_1301000470629276_3935503975802337961_n

342207637_243012341585393_2356780064720752374_n

342204420_657318399560130_9012678329498921313_n

Жалпы бұл Қадыр мұрасын насихаттауға бағытталған әдеби-сазды кеште әуезді әндер жанды дауыста орындалды. Қадыр Мырза Әлінің өзінің оқуындағы өлең де көрермен назарына ұсынылды. Ақ Жайық өңірінің ардақты перзентінің қанатты сөздері, қағытпа қалжыңдары айтылып, қуатты жырлары оқылды. Өлеңдерді нақышына келтіре оқыған Асылан Ислямов, Гүлфаризат Нұрсейітова, Ақмоншақ Есетова, Әділ Ахметов секілді өнерпаздар.

Көрермендер Қадыр мұрасын насихаттаушыларды қолдап-қошеметтеп, осынау рухани кеште ерекше әсерге бөленді.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале