Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде 38 жастағы әйел суға кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО ТЖ департаментінен
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 шілде күні Теректі ауданы Сарыөмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде болды.
«Сағат 19.19-да Шалқар көлінде жел салдарынан матрацтағы бір адамды толқын алып бара жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен БҚО ТЖД жедел құтқару жасағы 38 жастағы әйелді аман алып қалды. ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.
Департаменттен алынған мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері өңірде 6 адам суға кеткен.
Бүгінгі әйелді қосқанда, 10 адам құтқарылса, соның жетеуі – бала.