12.02.2025, 12:15
Оқылды: 98

Шаңғы жарысы: әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан  өтті, деп жазады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

d5d91f25-1140-406a-aa35-062262b06450

Сурет: telegram.org

Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.

1b95e322-707e-46e3-bda4-8050e134ace4

Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.

39be60dd-7b29-43e9-b192-757b7aceb6c1

Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале