28.08.2025, 19:02
Оқылды: 219

Шаңғы жолындағы шаң қақтырмас шын жүйрік

Қостанай аспанын дүбірлеткен дүбірлі дода шаңғы роллерінен жазғы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Тамыздың 23-і мен 29-ы аралығында өткен додада еліміздің төрт бұрышынан келген қарымды 200-ден аса жас спортшы, он бір облыстың намысын тас жолда қорғады.

5c7020a4-60e3-434a-9d8f-b7eb1754f10e

Осы бәсекеде Бөрлі ауданынан барған бір үкілі үміт ерекше көзге түсті. Ислам Сағыналиевтің шапанын жамылып, шеберлік мектебінен өткен Жанерке Тудахунова қарсыластарына бір де бір мүмкіндік берген жоқ. Бір емес, қос мәрте тұғырдың биігінен көрініп, ел чемпионы атанды.

Алдымен 5 шақырымдық классикалық стильде алдына жан салмаса, артынша еркін әдіспен өткен сайыста да шаңы басқаларға бұйырмады. Бұл жай ғана жеңіс емес, табан ет, маңдай термен келген жүйелі еңбектің жемісі.

Осы жеңісінің арқасында Жанерке спорт шебері нормативін орындады.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі» 

Фото: БҚО шаңғы федерациясынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале