Инсбрук (Австрия) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогінің кезекті кезеңі аяқталды.

Фото: olympic.kz
Сайыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты.
Нәтижесінде Илья Мизерных 20-орынды иеленді. Данил Васильев 33-ші болды.
Айта кетейік, бұл кезең алдыңғы екі кезең сияқты «Төрт тұғыр турына» кіреді. Турнирдің аяқталуына дейін бір Әлем кубогының кезеңі қалғанда Мизерных жалпы есепте 22-ші орында, ал Васильев - 38-ші орында келе жатыр.
Словакиялық Домен Превц көш бастап тұр.