28 қазаннан бастап Қазақстанда Шаңырақ «5-10-20» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды.
Бұл бағдарлама жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған. Аталмыш жобаға 1986-2017 жылдан бері кезекте тұрғандардан басқа 2018-2019-2020 жылдары өтініш бергендер де қатыса алады.
«Шаңырақ» пилоттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандықтарға тиімді несиемен баспанаға қол жеткізу мақсатында жасалды.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, әр үміткердің соңғы 6 айдағы отбасылық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3-1 есе артық болуы тиіс. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл көрсеткіш 32 668 теңге болды. Яғни отбасының бір мүшесіне келген табыс 101 271 теңгеден аспауы тиіс. Барлығы 54 198 өтініш қаралды. Олардың ішінде 34 453 адам 1986-2017 жылдары кезекке тұрған. Қазір құны 32,4 млрд. теңге болатын 2 386 өтінім мақұлданды. Шаңырақ бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымынан 210 млрд. теңге аударылды. Оның бірінші бөлігі, 90 млрд. теңге «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ -на аударылды. Осы қаражатқа 7-8 мың қазақстандық отбасыға қолжетімді баспана беріледі. Жылдық 5% мөлшерлемемен несие алу үшін үміткер әкімдікте кезекте тұруы керек. Сонымен қатар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ шотында үй бағасының 10 пайыз жинағы болуы шарт. Несие 20 жылға дейін беріледі.
zhaikpress.kz