14.02.2022, 12:50
Оқылды: 48

Шартты түрде босатылған 20-ға жуық адам түрмеге қайта қайтарылды - ІІМ

Бұл туралы ІІМ баспасөз хатшысы Әйгерім Оразалиева дәстүрлі брифинг барысында айтты.

NrsYoEk4e9EJi0d3uTLTvjklm6LirgKktHWJQdZb
-Криминогендік жағдайды жақсарту, ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7-13 ақпан аралығында республикада «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы уақыт ішінде тұрғылықты жері бойынша ІІД-нің тіркеуінде тұрған 70 мыңға жуық тұлға тексерілді, оның ішінде 5 мың адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, 1 мың адам әкімшілік қадағалау белгіленген, 20 мыңға жуық адам қоғамнан оқшауланбай жазаға тартылған, - деді Оразалаиева.

Ол атағандай, жауапкершілікке тартылған 2 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

-4-іне қатысты әкімшілік қадағалаудан жалтарғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот органдарының шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 19 адам сот жүктеген міндеттерді қасақана бұзған бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.Ішкі істер органдарының профилактикалық бақылауынан жалтарған 76 тұлғаның орналасқан жері анықталды, - деді ол.

Баспасөз хатшысы атағандай, бұл тұлғалардың құқық бұзушылық жасауының негізгі себептері – әлеуметтік факторлар.

-Олар: алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдалану, жұмыссыздық, құқықтық мәдениеттің төмендігі, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаннан кейін түзелу жолына түскісі келмеуі.Осыған қарай, аталмыш шараға ішкі істер органдарының қызметкерлері ғана емес, мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың мамандары да жұмылдырылды.Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне бұрын сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу үшін 600-ге жуық хат жолданды, - деді ол.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале