3.11.2022, 10:44
Оқылды: 47

Шахтадағы апат: тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

Ленин атындағы шахтада болған апаттан көз жұмған бесінші жұмысшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_11_03_9d5a0d4b750c00493c3d6c25ec08726b

Аталған ақпаратты ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оның айтуынша, бесінші қызметкердің денесі сағат 9:09-да табылды.

Бұған дейін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болып, 4 кенші қайтыс болғаны жөнінде хабарланған еді.

Алдын ала ақпарат бойынша 106 қызметкер эвакуацияланды. Қайғылы оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин апат орнына барып, арнайы комиссия жұмысын бастайды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале