11.06.2024, 17:30
Оқылды: 322

Шегірткемен күрес: амалы таусылған елдер оны жеуге көшті

Әлемде шегірткені жоя алмай, амалы таусылған елдер оны жеуге көшті, деп хабарлайды 24kz.

9D0A5B08-73D6-449D-8CBB-8B2B56FB5B7E

Фото: pixabay.com

Тіпті Қытай мен Мексикада бұл жәндік зиянкес емес, нағыз деликатестің өзі.

Әлемдік зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, 100 грамм кептірілген шегірткеде, ақуыздың 50%-і бар. Тағамдық құндылығы бойынша құрамы аминқышқылдарға бай. Сондай-ақ шегірткенің құрамында холестерин жоқ. Осы ретте атеросклероз және гипертониямен ауыратын адамдарға шегіртке жеуге кеңес береді кей сарапшылар.

Жалпы Біріккен ұлттар ұйымының дерегіне сүйенсек, жер бетінде 2 миллиард адам жәндіктердің 1900 түрін күнделікті ас ретінде тұтынады.

Шегірткенің кесірінен 2004 жылы Австралияның шаруа қожалықтары миллиардтаған доллар шығынға батты. Оны жою үшін халық оны жеуге көшкен. Сөйтіп, ел ішінде «Жеңе алмасаң, жей сал» деген түсінік қалыптасқан. Сондай-ақ Австралияда шегірткені «аспан асшаяны» деп атайды. Бұл атау жәндіктің ұша алатыны үшін қойылған. Австралия аспаздары шегірткеден 20 түрлі тағам жасайды. Оның ішінде ең әйгілісі – шегіртке тұшпарасы. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында шегіртке попкорны да сұранысқа ие.

– Оңтүстік-шығыс Азияда Оңтүстік-Шығыс Азияда жәндіктер миллиондаған адамның күнделікті рационының маңызды бөлігі. Крекеттер, тарақандар және басқа да жәндіктер бүкіл аймақта жол бойындағы дүкендер мен мейрамханаларда сатылады. Одан түскен қаражатты коммерциялық және отандық өндірушілер жинап, зардап шеккен шаруалардың шығынын жабуға көмектеседі.

Шоколадты құлпынай ма? Шоколадты шегіртке ме? Бұл ретте мексикалықтардың таңдауы екіншісіне түседі. Мексикаға саяхаттап барсаңыз, сізге кәдесый ретінде шегірткеден жасалған тәтті ұсынса, таң қалмаңыз. Сізге таңсық болар, бірақ бұл жергілікті халық үшін қалыпты жағдай.  

Израильде шегіртке жеуге рұқсат етілген

Израильде шегіртке – жеуге рұқсат етілген жалғыз жәндік. Өйткені жыл сайын Таяу Шығыс елдерінде маусымдық шегірткелер қаптап, егінді отап кетеді. Ал, бұл зянкестермен күресу үшін биліктің қабылдаған шарасы. Кей елдер шегірткені суға қайнатып жесе, Израильде жақсылап қуырып жейді. Сондай-ақ шегірткенің кез келген түрін емес, қызыл, сары, ала сұр, ақ сияқты шөл шегірткелерінің төрт түрін жеуге болады. Ал, Кувейтте кептіріп, Найробиде салат қып жейді.

– Энтомофагия – жәндіктерді азық-түлік ретінде тұтыну саласын зерттейтін сала. Қазірде әлемнің 90-нан астам елінде жәндіктердің 1400-ден астам түрі тағам ретінде қолданылатыны анықталды.

Сондай-ақ былтыр Еуроодақ шегірткелерден жасалған ұн өнімдерін пайлануға рұқсат ететін заң қабылдады. Ол заңға сәйкес, шегірткеден жасалған ұнды тағам түрлеріне қосуға болады. Құрамында шегіртке ұны бар өнімдер міндетті түрде қаптамасында көрсетіледі, сондай-ақ,  аллергиясы бар адамдарға ескерту жазылады.  

Шегірткенің зияны және пайдасы

Шегірткеден алынатын азық түрлері көп.

Қазірдің өзінде шегірткеден жасалған печенье, паста, бизе, мюсли, ақуыз шариктері, т.б. саудаға шығарылған. Онда ақуыздан бөлек, темір, фосфор, магний, кальций, полисахарид бар. Сондай-ақ A, B2 және С дәрумендеріне бай. Тіпті, мамандардың айтуынша, шегіртке бойындағы кальций сүт құрамындағы кальциден көп.

Қазірде ғалымдар қығушылық білдіріп, шегірткенің пайдалы тұсын зерттеп әлек. Алайда, жалпы жәндік атаулыны аштық жайлаған елдерде амалсыздан жегенін де айта кеткен жөн.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале