18.08.2025, 17:00
Оқылды: 357

Шекара — ел айнасы

«Атамекен» өнер ордасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылған күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті.

WhatsApp Image 2025-08-18 at 18.37.25 (1)

Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, шекара қызметінің ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

WhatsApp Image 2025-08-18 at 18.37.26
Жиында сөз алған өңір басшысы шекарашылардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөлін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің аумақтық тұтастығы мен шекаралық қауіпсіздікке айрықша мән береді. Себебі шекара – мемлекеттің айнасы, оның тәуелсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі. Осы маңызды міндетті абыроймен атқарып жүрген шекарашыларымызға халықтың сенімі зор. Олар еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің қорғаны. Облыстағы шекара қызметкерлері Ресей Федерациясымен арадағы 1564 шақырымға созылған ел шебін күзетеді. Бұл Шыңғырлау, Бөрлі, Тасқала, Казталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарындағы шекара бөлімшелерінің еншісіндегі жауапты міндет. Ел шетін күзету тек әскери борыш емес, елге деген сүйіспеншілік пен адалдықтың көрінісі, – деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2025-08-18 at 18.37.26 (1)
Аймақ басшысы өз сөзінде барлық шекара қызметінің ардагерлері мен сарбаздарына халық атынан алғыс айтып, табысты қызмет пен бейбіт өмір тіледі. Сонымен қатар кәсіби мереке аясында Әлібек Сембай, Бибігүл Ахмадиева, Айнұр Игибаева, Тимур Қабесов, Нариман Құсайынов, Қайнар Халенов, Данияр Тәжен, Бахтияр Нұрұшов сынды шекарашылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-08-18 at 18.37.25
Жиын барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Сухраб Мұсаев та құттықтау сөз сөйлеп, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне кәсіби жетістіктер тіледі. Ол отставкадағы прапорщик Игорь Мошевқа ҚР ҰҚК төрағасының Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар Жәнібек ауданындағы «Хаби Халлиуллин» атындағы шекара бөлімшесінің қатардағы жауынгері Төлеби Керейев «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-08-18 at 18.37.25 (2)
Салтанатты шара аясында бірқатар қызметкерге ведомстволық наградалар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан шекара қызметі ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

 

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале