Фото: gov.kz
«2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде 30 күнтізбелік күн мерзімге әскери дайындықтан өту үшін әскери қызметке 150 адам шақырылсын», - делінген құжатта.
ҰҚК түсіндіргендей, әскери дайындық ҰҚК Шекара қызметінде жұмылдыру дайындығын дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жоспарында қарастырылған.