24.11.2020, 16:34
Оқылды: 47

Шекарашылар контрабандалық жүкті алып өту әрекетінің жолын кесті

2020 жылғы 21 қазанда Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің («Сырым» өткізу пункті) қызметкерлері 19 қапқа салынған мөлшері 118 дана бекіре тұқымдас балық түріндегі контрабандалық жүкті алып өту әрекетінің жолын кесті.

бекіре

Тасымалдаушы бұл жүкті пияз салынған қаптардың астына салып, тексеруден жасырған.

Ұсталған Ресей Федерациясының азаматы ҚР-дан РФ-ға жүк автомашинасымен кетіп бара жатқан, ол Байтерек ауданының ПБ қызметкерлеріне тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале