9.12.2024, 11:30
Оқылды: 385

Шерзаттың ағасының өлімі: оқиғадан бұрын марқұм туыстарына хабарлама жіберген

Алматы облысының Полиция департаменті мәйіті табылған 30 жастағы ер адам өліміне қатысты тың деректермен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімовтың айтуынша, марқұм Шерзат Полаттың ағасы өз-өзіне қол салар алдында туысына WhatsАpp желісі арқылы хабарлама жіберген.

— Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады, — дейді Бағдат Әшімов.

IMG_4470

Фото: Алматы облысы ПД / ҚазАқпарат

Еске салайық, бұған дейін Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылғанын жазғанбыз. Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 4 қазан күні төбелестен 16 жасар жасөпірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале