19.03.2021, 11:15
Оқылды: 36

Шетелде демалып келген қазақстандықтардың 80 пайызынан коронавирус анықталады

Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізілетін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

47EB1668-71B0-4848-BCC9-E5693F3AE6F5

Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды. Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41%-ы Египеттен, 27%-ы Мальдивтен, 16%-ы БАӘ-мен және 8,3%-ы Түркиядан келген. Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-нда коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден-51. Еске салсақ, енді ПТР анықтамасы жоқ туристер Қазақстанға кіре алмайды.

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі Kursiv.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале