Шетелде оқитын студентке сақтандыру мәртебесін алу үшін:
* egov.kz порталында тіркелу
* «Білім беру» бөліміндегі «Шетелде оқитын студенттер» бөлімін таңдау
* оқу орнынан алынған анықтама және кітапшасын жүктеу қажет. Құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасымен, нотариалды куәландырылған болуы тиіс.
Сондай-ақ бір ай мерзімге уақытша сақтандырылған мәртебесін алуға болады. Ол үшін медициналық сақтандыру қорының «Qoldau 24\7» мобильді қосымшасына мәселенің мән-жайы көрсетілген өтініш жолдап, оқу орнынан анықтаманы қоса жіберу қажет.
Шетелде оқитын студенттерді тіркеу | Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (egov.kz)
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы