2023 жылғы 23 қаңтарда басталған шетелдерден әкелінген көліктерді заңдастыру шеңберінде 8 ақпанды есептегенле 1 983 көлік тіркелген. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде:
- Армениядан - 208;
- Бұған дейін Армениядан әкелініп, "сары" нөмір алғандардың ішінен 78;
- Ресейден - 1 693 ;
- Грузиядан - 1;
- Беларуссиядан - 1;
- Араб Әмірліктерінен - 2 көлік заңдастырылды.
Аумақтан тыс тәсілмен БҚО тұрғындарына 40, оның ішінде:
- Армениядан - 6;
- Армениядан бұған дейін әкелініп, "сары" нөмір алғандардың ішінен 6;
- Ресейден - 27;
- Қырғызстаннан - 1 автокөлік рәсімделген.