16.01.2023, 13:00
Оқылды: 44

Шетелден әкелінген көліктер Интерпол базасы арқылы тексеріледі – ІІМ

Шетелден әкелінген көліктер Интерпол базасы арқылы тексеріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

230116125711736e

«Көлік иесі құжаттарды тапсырған соң бекітілген қағида бойынша оның тұпнұсқалығы мен сәйкестігі тексеріледі: көліктің ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінгені, іздеуде бар-жоғы. Кедендік рәсімдерден өтуі және соңғы тіркелген жерден есептен шығуы анықталады. Автокөлікті Қазақстан аумағына кіргізу күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйелері арқылы айқындалады», - деді Қайсар Сұлтанбаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәліметінше, жоғарыда аталған сәттерді тексеру, анықтау процесі толықтай автоматтандырылған.

«Шекарадан өткен әр көлікке VIN-код беріледі. Шекара қызметінде немесе мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда онда мәселе автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша анықталады. Сондай-ақ елге әкелінген автокөліктер Интерпол және ТМД елдерінің базалары бойынша тексеріледі. Одан бөлек Еуразия экономикалық одағының Бірыңғай кедендік жүйесі бойынша қадағаланады», - дейді министрлік өкілі.

Еске салайық, елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады.

Бұған дейін Қ.Сұлтанбаев мұндай машиналарды тіркеу үшін қандай құжаттар керектігін және ақшалай шығын қанша болатынын айтқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале