17.11.2023, 15:35
Оқылды: 40

Шетелдік төрт азамат шекарадан заңсыз өтпек болды

Бүгін жүргізілген жедел-профилактикалық шара барысында Бөрлі аудандық Пб көші-қон полициясының қызметкерлері БҚО-дағы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан Республикасынан мемлекеттік шекарасынан Ресей Федерациясына заңсыз  өтпекші болған Ауғанстан Республикасының төрт азаматын ұстады.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

99863b88-98c5-4e55-9b01-6e2612bcee08

Аталған шетел азаматттарына қатысты ҚР ҚК-нің 514-бабы 2-бөлігіне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.

Тексеріс жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандардың айтуынша, олар Еуроодақ елдеріне бет алған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале