18.04.2025, 11:15
Оқылды: 289

Шетелдік туристер Қазақстанда 2,6 млрд АҚШ долларынан астам қаражат жұмсаған

Туризм – ел экономикасын әртараптандыру стратегиясы аясындағы басым бағыттардың бірі саналады. Шетелдік туристерді тарту – шетел валютасының түсімін арттырып, түрлі қызмет көрсету салаларының дамуына оң әсер етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті жазды.

pexels-photo-1271619

Сурет:pexels.com

 

Ұлттық Банктің деректеріне сүйенсек, алыс шетелден келген бір турист Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1200–1500 АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсайды. 2024 жылы елімізге келген шетелдік қонақтардың жалпы шығыны 2,6 миллиард АҚШ долларынан асты.

Шетелдік туристерден ең көп қаржы түскен елдер:

🔹 Қытай — 307 млн АҚШ доллары;
🔹 Германия — 56 млн АҚШ доллары;
🔹 Түркия — 53 млн АҚШ доллары;
🔹 АҚШ — 47 млн АҚШ доллары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале