17.06.2025, 12:00
Оқылды: 180

Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?

Шілдеде қазақстандықтар бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

жп казах виллидж жанакала (6)

Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады.

Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

  • 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) - демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) - демалыс күндері.

Шілдеде қанша демалыс күн бар?

Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале