Алтайньюстің хабарлауынша соңғы оқиғалардың бірі 1 тамызда сағат 22.00 шамасында болған. Өскемендегі Максим Горький көшесінде уақытша тұрақта тұрған «Ваз 2113» маркалы көлік өртке оранды.
Жалпы өрттің шамамен 90 пайызы электр сымдарының тұйықталуынан болады. Сондықтан көліктің электр жабдығының жай-күйін байқап, дер кезінде ауыстырып отыру керек, – дейді төтенше қызмет өкілдері.