Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысу үшін Өскемен қаласына барды. Бұл туралы Үкіметтің telegram каналында хабарланды.
Әлихан Смайылов депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Ермек Көшербаев пен Дархан Сапановтың кандидатураларын қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес 117 депутат Е.Көшербаевтың кандидатурасын қолдады, 36 депутат Д.Сапановқа дауыс берді. Дауыс беруге барлығы 153 депутат қатысты.