14.08.2025, 23:13
Оқылды: 343

Шойын балқытқан – Мұстафа

Ол алғаш рет домна пешінің қақпасын 25 жасында ашып, алаулаған жалын мен қызуы мыңдаған градусқа жеткен балқыманы көрген сәтте темір балқыту ісіне ғашық болды. Сол күннен бастап оның тағдыры өндірістің от-жалынымен тығыз байланысты.

IMG-20250914-WA0031

Фото: Мейірбек Тажкуранов

Қайнаған пеш, қызыл шоқ, сары жалын – Мұстафаның еңбек майданы. Он жылдан астам уақыт бойы ол осы ыстық әлемнің ішінде жүріп, әрбір тамшы шойынды маңдай терімен суарып келеді. Домна Мұстафа үшін тек жұмыс орны ғана емес, қайсарлықты шыңдаған, төзімділікті қалыптастырған өмір мектебі. Бұл жерде ол тек металл емес, өз рухын да шыңдап, нағыз еңбек адамына айналды.

Мейірбек Тажкуранов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале