Бөлек Сатайұлы шамамен 1696-1785 жылдары өмір сүрген, атақты «Аңырақай» шайқасында қалмақ батыры Аңғырықпен жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткен қазақтың жас батырларының бірі.
Қалмақпен жекпе-жеке шығуда билер талқысы өтеді. Жекпе-жекке Бөлек пен Олжабай таңдалады. Алайда Төле би, Қазыбек би және Жолбарыс батырдың құптауымен алдымен Бөлек батырды шығару ұйғарылады.
Осылайша екі батырға ат дайындалып Бөлектің алғашқы болып жекпе-жекке шығуына, оның ат үстін меңгерген шабондоздығы себеп болады. Ол үшін аттың бауырынан айналып шығу түк емес еді. Садақты екі қолымен бірдей тартатыны және оның өңіршектен ұрған найзасы жаза кетпейтін, батырдың бойында бір кісідей күші де болғаны ескеріледі.
Жекпе-жек түске таман Далатаудың терістік батысында басталады. Белгі-шарт қыл байлаған байрақ көтеріледі. Сол кезде астына торы мінген Аңырақ майданға шығады.
Бөлек өзінің шабдар жорғасына мінеді. Батыр найзасыз, тек қылышпен, шоқпармен шығады. Аңырақ Бөлекке найзасын ұсынған кезде, найзаның астынан қылышпен ұрып, ұшырып жібереді де, шоқпармен жон арқадан ұрып Аңырақты құлатады.
Сол күні қазақ-қалмақ соғысы болмай тарқасқан екен.
Зұлқожа Шарафутдинов
zhaikpress. kz
(«Қазақтар». Анықтамалық. А. 2003 жыл)