23.11.2022, 12:16
Оқылды: 39

Шорт-тректен Алматыда өтетін Әлем Кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Алматы қаласындағы «Халық аренада» шорт-тректен Әлем Кубогының III, IV кезеңі 9-11 және 16-18 желтоқсан күндері өтпек.

ALMATY, KAZAKHSTAN - DECEMBER 09: Skaters compete during the ladies 1500 meter second semi final during the ISU Short Track World Cup Day 2 at Halyk Arena on December 9, 2018 in Almaty, Kazakhstan. (Photo by Christof Koepsel - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images)

Сурет: Christof Koepsel - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images

Жылдың қорытынды жарыстарына 30 елдің 250-ге жуық таңдаулы спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қазақстан биыл маусымда Халықаралық конькишілер одағынан (ISU) шорт-тректен екі Әлем Кубогы кезеңін өткізу құқығын алған еді. Алматыда Ұлттық құрама сапында 12 спортшы бақ сынайды, деп жазады спортты дамыту дирекциясы.

Ерлер арасында Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанысов, әйелдер арасында Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжғалиева, Алёна Волковицкая бар.

Әлем Кубогының 5-кезеңі 3-5 ақпан күндері – Дрезденде (Германия) 6-кезеңі  10-12 ақпан күндері – Дордрехте (Нидерланд) өтеді.

zhaikress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале