25 желтоқсаннан бастап Қазақстаннан Шри-Ланкаға рейстер саны бес ретке дейін артты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Енді Air Astana әуекомпаниясы дүйсенбі мен бейсенбіден басқа, аптасына бес күн Алматы - Коломбо бағыты бойынша ұшады.
Сонымен қатар, 17 желтоқсанда әуекомпания Нұр-Сұлтан мен Дубайға ұшу жиілігін арттырып, жетеуінің орнына аптасына тоғыз рейс орындай бастады.
Ал Жаңа жыл қарсаңында Air Astana Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер енгізді. 30 желтоқсанда екі жиілік, 31 желтоқсанда үш жиілік енгізіледі.
Шри-Ланкаға рейстер әр жағынан үш рет - сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері - жаңа Airbus 321 Neo LR-де жүзеге асырылып келеді. Жол жүру уақыты - алты сағат 30 минут.
Шри-Ланкаға баратын екі жастан асқан барлық жолаушы ұшуға дейін 72 сағат ішінде жасалған ПТР-тестінің нәтижесі туралы анықтаманы ұсынуы керек. Сонымен қатар, туристер денсаулық туралы декларация нысанын басып шығарып, толтырып, виза алуға өтініш беруі керек. Вакцина алған жолаушылар ұшып келгеннен кейін ПТР-тестілеуден және карантиннің қосымша талаптарынан босатылады.