11.04.2024, 10:49
Оқылды: 58

"Шуақтан" құр қалмаңыз!

Оралдың төріндегі «Атамекен» өнер ордасында ертең Қазақстан Суретшілер одағының және Еуразия Дизайнерлер одағының мүшесі Нұрбек Жәрдемовтің «Шуақ»  атты дербес көрмесі ашылады.

fdfe4ccc-dcf8-473f-ad99-9c0f6403906e

Нұрбек Жәрдемов – Ақжайық  ауданына қарасты Есенсай ауылының тумасы. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша тәмамдаған. «Тұран» халықаралық көркемөнер сыйлығының лауреаты, түркиялық «Күміс кілт» сыйлығының иегері Нұрбек Жәрдемовтің бұған дейін «Жанымның  жарығы» (Орал – 2007), «Свет души» (Ақсай – 2008), «Жұлдызды  аспан» (Атырау – 2009) жә­не 2019 жылы Түркияның Солтүстік Кипр аумағын­дағы заманауи өнер музейінде жеке көрмелері өткен. Сондай-ақ ол әр жылдары Алматы, Атырау, Уфа, Астана, Түркістан шаһарларында өткен халықаралық топтық көрмелерге қатысқан. Н. Жәрдемовтің біраз еңбегі алысты-жақынды шетелдердің музей  қорлары мен жеке коллекционерлердің жинаққорында баршылық. Сурет­шінің бұл жолғы көрмесінде халқымыздың тарихы мен дүниетанымдық көзқарасына қатысты еңбектеріне басымдық берілмек. Әрине, портрет және пейзаж жанрында жазылған дүниелерге де орын табылады.

 

Қадірлі оралдықтар мен қала қонақтары, сіздерді 12 сәуір – 12 мамыр аралығында «Атамекен» өнер ордасындағы суретші Нұрбек Жәрдемовтің көрмесін тамашалауға шақырамыз!

Бақытжан  ҒАБДУЛЛИН,

Орал  қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале