21.03.2024, 9:00
Оқылды: 60

Шұғыл «атқа қонғанда...»

Техника паркін де жаңарту назарға алынған. Инвестициялық бағдарлама аясында жер бұрғылайтын арнайы және жергілікті бюджет есебінен 4 техника сатып алынды. Оның ішінде 18 метр биіктікке  жететін 3 гидрокөтергіш,  28 метр биіктікке көтеретін жер талғамайтын бір «КамАЗ» көлігі бар. Даладағы 35, 110 кВ әуе желілерін жөндеуде бұл техникалардың көмегі көп.  Электриктер жергілікті бюджет есебінен қарда жүретін 9 дана техникамен, 16 торап  байланыс құралымен қамтылды. Компания коммуналдық меншік теңгеріміне өткен кезде бюджеттен  495 млн теңге бөлініп, 17 техника сатып алынғаны және бар. Биыл да компанияны қаржылай қолдау жалғасады  деп күтілуде.

4

– Облыстың құбылмалы ауа райы жағдайындағы қыс мезгілі­нің түрлі «мінез-құлық» көрсетері баршамызға аян. Қаһарына мінген қыстың күндері электр желілеріндегі не қосалқы стансалардағы апатты жағдайларды жоюға, шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізуге шұғыл «атқа қонуға» мәжбүрміз. Осындайда тозығы жеткен техниканы жөндеп, ілдебайлап іске жара-тып келген электриктердің бейнеті зор екенін айтпасқа болмайды. Енді жол талғамайтын және қарда жүретін тех-никалардың көмегі тиіп отыр. Апат орын алған  жерлерге жылдам жеткізеді. Уақыттан ұтамыз.  Жол қысқарады. Бұрын апат болған жерге орталықтан көмек жетіп болмайтын. Жолшыбай батып қалатын.  Желінің астымен жүру қиынға түсетін, оның астындағы сай-саланы қалың қар басатын. Жол талғамайтын «КамАЗ-дарға» ондай күртік қар, батпақ дегеніңіз түк емес. Ақпанның жауын-шашынында сымдарға мұз қатып, ауылдарда жарық сөніп қалды. Сонда трактор жүре алмайтын жерлермен қарда жүретін техникамен үзілген желілерді жалғау электриктерге қиынға соқпады. Қаратөбе ауданындағы Егіндікөл, Қоскөл, Шыңғырлау ауданында Лубенка, Алмаз, Ақшат, Қара-ағаш, Сырым ауданының Жосалы, Бұлдырты, Тасқұдық, Талдыбұлақ ауылдарында орын алғанда техниканың пай-дасын көрдік. Қазір 9 ауданда қарда жүретін техника бар, – деген бас инженер Асқар Бейбітұлының сөзінен шүкіршілік лебі ескендей болды.

Уақытпен санаспай, күннің аптап ыстығында, қақаған аязы мен түтеген бо­ранында тұты­нушыларға электр қуатын үзіліссіз жеткізуге жұмылып, талмай тер төгіп жүрген электриктердің жалақысы бұрын­дары аз болатын. 2022 жылы жалақы шамасы екі мәрте (10, 15 пайыздан) көтерілді. 2023 жылдың басында 15 пайызға, сол жылғы қырыкүйекте 6 АЕК-ке өсті. Биылғы қаңтарда 7 айлық есептік көрсеткішке көбейді. Мысалы, 2019 жылы электр монтердің орташа жалақысы 72 мың теңге болды. Қазіргі уақытта ол аудандардағы тораптарда – 163, қаладағы тораптарда  186-200 мың теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңында жалақыны тағы да көтеру жоспарланған.   Компанияда 1456 штат бірлігі бар, соның 157-сының орны бос тұр. Соның ішінде электриктер, шопырлар, монтерлер жетіспейді. Мұны компания басшылығы жас мамандардың тәжірибе жинап алып, жалақы аз деп басқа компанияларға кетіп қалатынымен байланыстырады.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале