30.03.2023, 13:00
Оқылды: 33

Шымбұлақ курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді

Шымбұлақ курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

df0011e75afcbe378c69ec490b3b1911_1280x720

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

«Кешегі күн Қазақстан футбол құрамасының Дания құрамасына қарсы ойындағы тарихи жеңісімен ғана емес, сонымен қатар жаңа әлемдік рекордпен де есте қалады. Шымбұлақ - әлемдегі түнгі ең биік тау шаңғысы курорты ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

3fae4630376e234d9e94d7d0ce51e8f7_1280x720

Бұл нәтиже Шымбұлақтың ең биік нүктесінде, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Талғар асуы» станциясында тіркелді. Дәл осы жерде салтанатты рәсім өтті.

Мен іс-шараға жиналған мегаполис тұрғындары мен қонақтарының алдында сөз сөйледім. Ал Гиннестің рекордтар кітабының ресми судьясы Шейд Субаши трассаның барлық талаптарға сәйкестігін растай отырып, тарихи нәтижені тіркеді.

Содан кейін Алматы тұрғындары мен қонақтары рекорд тіркелген тау баурайынан төменге жаппай сырғанап түсті.
Шымбұлақ - жыл сайын миллиондаған қонақ келетін еліміздің басты туристік бағыттарының бірі. Бұл жердің біз барлық жағынан дамытқымыз келетін үлкен әлеуеті бар. Жаңадан тіркелген рекорд мәртебесі тау шаңғысы курортын әлемде теңдесі жоқ бірегей орынға айналдыратынына сенімдімін.

Мен Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарды осы жетістікпен құттықтаймын. Біздің елде көптеген тамаша орындар бар. Сол себепті мен алдағы уақытта жаңа рекордтардың куәсі болатынымызға сенемін», - деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале