"Шымбұлақ" тау шаңғы курортына апаратын аспалы жолдар уақытша жабылады. Бұл туралы курорттың Instagram желісіндегі парақшасында айтылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Міне, қысқы маусым да аяқталды. Бұл маусым жарқын, оқиғаға толы және өте қызықты болды. Алда жаз келеді! Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын - біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек!", - делінген жазбада.
"Шымбұлақ" тау шаңғы курортының өкілдері мұның барлығы қауіпсіздік үшін қажет екенін алға тартады. Сонымен аспалы жолдар қай уақытқа дейін тоқтайды?
"14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады. Мамыр айы - жаяу серуендеуге және тауға шығуға тамаша уақыт. Біз сіздерді күтеміз, курортта кездескенше!", - дейді курорт әкімшілігі.