9.04.2023, 0:06
Оқылды: 39

Шымкентте жантүршігерлік оқиға болды

Жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кеткен. Екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Екі адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды halyquni.media ақпараттық порталы.

WhatsApp Image 2023-04-08 at 22.03.21Сурет: halyquni.media

Полицияның мәліметінше, жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткен. Көлік өздігінен еңіспен төмен түсіп, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале