9.12.2025, 16:30
Оқылды: 44

Шыңдағы Шынарлар

Қараша айында жол түсіп, Түркістан облысының Қазығұрт ауданына бардық.

Алия Маншук Хиуаз

«Германия Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскери тобы ардагерлері» РҚБ төрағасы Бақыт Тастанов және республикалық қоғамдық бірлестік кеңесшісі Апазбек Смановпен  кездесіп, Қазығұрт тауына бет алдық. Ол жаққа барған себебіміз – сол таудың ең биік жотасына орнатылған  халқымыздың үш батыр қызы Әлия, Мәншүк, Хиуаздардың ескерткіштеріне тағзым  ету.

Еңселі ескерткіш алыстан менмұндалап, гранит тасы көзге шағылысып жарқырай көрінеді. Ол Шымкент – Ташкент халықаралық күрежолының бойындағы саябақта орналасқан. Айналасы толған шырша. Әрбір шыршаға құбырмен су келіп тұр. Сол саябақты қарайтын адамдармен  жолығып, осы ескерткіштің орнатылуына демеушілік жасаған азаматтың інісі Абдолланы  таптық. Абдолладан ағасының  байланыс нөмірін алып хабарластық. Ол «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Бекет Тұрғараев екен. Ертеңіне кездесуге  сөз  байластық.

Жүздесу барысында Батыс  Қазақстан облысының орталығы Орал қаласынан келгенімді айтып, біздің батыр апаларымызға қойылған ескерткіш үшін Жайық жұртының атынан ризашылығымды білдірдім. Сондай-ақ Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнап шығарылған коллекциялық мәнетті (монета) сыйға тарттым. Ол кісі де өз кезегінде бізге жеке кітапханасынан «Елім-ай» дастан жыры  тарихи шежіре кітабын және Мырза Ұлықбектің «Төрт ұлыстың тарихы» атты кітабын  сыйлады.

Бекет ағамыз тарихты жақсы білетін, сөзге шебер, өте сабырлы кісі екен. Өзі біраз жыл ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған көрінеді. Көптеген  мемлекеттік марапаты бар құрметті азамат. Ол өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, бізге біраз ақыл-кеңесін айтты. Болашақта Ресейдің бір аймағын 20 жыл бойы басқарған Аман Төлеевке де ескерткіш орнату керектігін тілге тиек етті.

 

Ұзақбай Жақсылықов,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале