1.04.2024, 10:45
Оқылды: 83

Шыңғырлауда бірнеше елді мекенді су басу қаупі төніп тұр

Осыған дейін Шыңғырлау ауданындағы Елек өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

елек су 2024

Фото: Шыңғырлау ауданы әкімдігінен

- Су деңгейі 785 сантиметрге жетіп тұр. Негізгі қауіпті көрсеткіш деңгейі - 750 сантиметр. Бұл қазірден бастап сақтық шараларын күшейту керектігін білдіреді. Барша аудан тұрғынына, әсіресе, Елек өзенінің бойында орналасқан елді мекендердегі жерлестерімізге аса сақ болуын, су тасқынынан қорғану шараларын күшейтіп, қажет жағдайда эвакуацияға дайын болу керектігін ескертеміз.

Атап айтсақ, Шыңғырлау мен Ащысай ауылдық округтері, Жаңакүш, Шоқтыбай, Мырзағара, Талдысай ауылдарына қауіп төніп тұр.
Тосын қауіпті байқағанда бірден тиісті мекемелерге хабар беруді сұраймыз! - делінген Шыңғырлау ауданы әкімдігі берген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале