7.08.2024, 14:45
Оқылды: 107

Шыңғырлауда су мұнарасы тұрғызылып жатыр

Шыңғырлауға барған сапарында облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан орталығында тұрғызылып жатқан қысымды реттейтін су мұнарасының құрылысын бағамдады.

28838FCE-4C9A-4CE8-91E9-12A137369A3C

Шыңғырлау ауылындағы су қысымын күшейтіп, халықты уақтылы әрі үздіксіз сумен қамтуға арналған мұнараның құрылыс-монтаж жұмысына 380 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Мердігер қазіргі таңда құрылыс жүргізілетін жерді тегістеп, қажетті материалдарын жеткізуді қолға алған.

3E2E8E05-748B-43F2-B2EA-210ADB5E3589

Шыңғырлауда бүгінгі таңда сегіз мыңнан астам халық тұрады. Ескі мұнараларға тіршілік нәрі жиналғанымен су тұтыну мөлшері көбейген кезде тапшылық пайда болады.

EE40A24F-1462-4D80-A228-6D573519337D

– Бұл мәселе былтыр көтерілді. Оның үстіне Шыңғырлауға келіп тұрған ауыз су аудан орталығынан 30 шақырым жерден тартылған. Техникалық су келіп тұр. Сондықтан ауыз суды ысырапсыз пайдаланған дұрыс болады, - деді облыс әкімі.

5890A527-DAE8-449F-AE6A-BAF18284102B

Халықты сумен қамтуға арналған мұнара құрылысы маусым айында басталған. Биыл қарашадан қалмай аяқталады деген жоспар бар.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале