Еліміздегі коронавирус пандемиясынан қаза болған азаматтарды еске алуға байланысты жарияланған Аза тұту күніне орай Қазақстан халқының қайғысына ортақ екендігінің белгісі ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтерінде ұйымға мүше мемлекеттердің тулары төмен түсірілді, делінген «ҚазАқпаратта».
ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов: «Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының көпұлтты ұжымы атынан және өз атымнан елдегі Ұлттық аза күніне байланысты Қазақстан халқына шын жүректен көңіл айтамын», - деді.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстан халқымен ынтымақтастықта және «Шанхай рухын» ұстана отырып, ынтымақтастықты жандандыруға, жалпы қатерді болдырмау мақсатында пандемияға қарсы іс-қимылда Қазақстанға жәрдем көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын.
Қазақстан осы сынақты жеңе алатынына және індеттің таралуы тоқтайтынына нық сенім білдіреміз», - деп атап көрсетті В.Норов.
zhaikpress.kz