7.11.2024, 10:15
Оқылды: 140

Сібір жарасы қалай жұғады? – маман жауабы

«Сібір жарасы – бұл жануарлар мен адамдардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, көбінесе ауыр және өліммен аяқталады. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасы бактериясы споралар саналады. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Мұстаев айтты.

Мұстаев Нұрлыбек ЖП

Жануарлар үшін сібір жарасының көзі ластанған топырақ саналады, онда бұл ауруды тудыратын микробтар ондаған жылдарға дейін сақталуы мүмкін және тіпті белгілі бір жағдайларда көбейе алады. Жануарлардың ауруды жұқтыруы көбінесе инфекция жұққан шөпті жеген кезде, сондай-ақ жануарлар шөппен бірге ластанған топырақ бөлшектерін жегенде, төмен шөпті құрғақшылық кезінде болады.

Жұқтырудың негізгі себептері:

1) ветеринариялық куәландырусыз мәжбүрлі түрде ауру ауыл шаруашылығы жануарларын сою

2) ауру жануарлардың етімен жанасу, оны бөлшектеу, жою орнына тасымалдау.

«Адамнан адамға сібір жарасы берілмейді.

Белгілері – жедел басталу, безгек (39-40°C дейін); тері (ойық жара) формасы споралар терінің жараланған бетіне (кесу, сызаттар, жаралар) түскенде пайда болады, теріде жаралар пайда болады. Өкпе түрінде кеудедегі ауырсыну, ентігу, қанды қақырық, пневмония, ішек-қанды диарея, құсу, метеоризм болады. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бір аптаға дейін уақытты құрайды, көбінесе бұл кезең 2-3 күнге созылады», - дейді маман.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале