Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша СҚО-ның сүт-тауар фермаларын салу тәжірибесі бүкіл республика бойынша таралуда. Өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда 19 сүт кешенінің 11-і аяқталып, іске қосылды.
«Жаңа сүт фермалары өнеркәсіптік болып табылады: 400-ден 1500 басқа дейін. Фермалар толық қуатына шыққан кезде қосымша 70 мың тонна сүт өндіріліп, 500 жұмыс орны ашылады», – деді облыс басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 6,5 мың тонна болатын 2 ет құс фабрикасы салынды. Петропавлда қуаттылығы 10 мың тонна құс фабрикасының құрылысы жалғасуда.
«Зенченко және К» КТ қуаттылығы жылына 13 мың тонна майлы дақылдарды қайта өңдеу цехын салады. Компания жұмыс істеп тұрған сүт зауытын кеңейтуде. Қайта өңдеу қуаты 1,5 есеге - жылына 54 мың тоннаға дейін артады.
«Бұдан басқа, серіктестік 8 мың басқа арналған сүт фермасын салуға кірісті. Кешен Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда да ең ірі болады», - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Барлық жобаларды іске асыру дайын сүт өнімдерін өндіруді 370 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.