ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сурет дерек көзі: ҚазАқпарат
«Бүгін - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сондықтан құрметті журналистер, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өзара үйлесімді жұмыс пен жоғары азаматтық жауапкершілік үшін алғыс айтамыз. Біздің бірлескен күш-жігеріміз Үкіметтің жұмысын бұдан да ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Баршаңызға тың идеялар мен шығармашылық табыстар тілейміз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.