«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Снежанна Имашева «Миранда» қағидасының Ата Заңға норма ретінде енгізілуін түсіндірді.

Оның айтуынша, қылмыстық іс кәмелет жасқа толмаған азаматқа қатысты болса, ұстау мерзімі 24 сағаттан аспауы тиіс. Ал аса ауыр қылмыс жағдайында бұл мерзім 72 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.
«Бостандық – адам құқықтарының бірі. Сондықтан әр минут маңызды. «Миранда» қағидасы адам құқықтарын қорғауға бағытталған және бостандықты шектеуге жол бермейтін маңызды норма», - деді депутат.