11.01.2022, 15:00
Оқылды: 45

Содырлар мен оларға көмек көрсеткендерді жазаға тарту керек – Мемлекет басшысы

Арнайы тергеу тобы трагедияның барлық себебі мен мән-жайын ашуы керек. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

33

Мемлекет басшысы еліміздегі бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстарға қатысты содырлар мен оларға көмек көрсеткендерді анықтап, жазаға тарту керектігін қадап айтты. Сонымен қатар лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын тыңғылықты анықтау өте маңызды болып тұр.

Мұнымен қоса Президент содырлар мен олардың командалық пунктінің қызметі не себепті мемлекеттің назарынан тыс қалғанын егжей-тегжейлі тексеру керек екенін айтты.

«Не себепті еліміздің аумағында осыншама заңсыз қару мен арнайы құралдар табылды? Неге терроризм нысандарын анықтау мен бейтараптандыру бойынша агентура жұмысы жүргізілмеді?», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тергеу тобы сапалы әрі толық көлемде өз жұмысын атқарып, трагедияның барлық себебі мен мән-жайын ашуы керек екенін тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале