7.03.2022, 12:40
Оқылды: 71

Соғыс ардагерлері ерекше құрметке бөленді

Бүгін облыстық «AMANAT» партиясы филиалы атқарушы хатшысы Мұқаев Мұрат Рахметұлы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, ҰОС ардагері Митрохина Алевтина Тимофеевнаны құттықтады.

WhatsApp Image 2022-03-07 at 13.09.10

Митрохина Алевтина Тимофеевна 1925 жылы 14 тамызда Саратов облысы, Озинское ауданы, Павловский ауылында дүниеге келген. Қазір ол 96 жаста.

1941 жылдың қараша айынан бастап медбике болып ауруханада жұмыс істеді. 1942 жылы желтоқсанда 62-ші армия құрамында Сталинградқа соғысқа аттанған. 1943 жылы ақпанда госпиталь 3-ші Украин майданының құрамына кіріп, А.П. Митрохина Украина, Румыния, Югославия, Венгрия бойынша майдан жолдарымен өтті. Жеңіс Күнін Будапештте кездестірген.

Соғыстан кейінгі жылдары ол медициналық училищеде жұмыс істеді. Медициналық мектепті бітіргеннен кейін ол зейнетке шыққанға дейін мұғалім болып қызмет атқарған.

Ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен және басқа да наградалармен марапатталды. Оның "Денсаулық сақтау саласының үздігі" белгісі бар.

Кездесу барысында ардагер соғыс басталғаннан бастап сонау Германиядағы жеңіс күніне дейінгі бастан кешкен оқиғаларын еске алып, өзінің өмірбаянымен бөлісті. Осы сәтке дейінгі жинаған суреттерінің тарихына тоқталып, әңгімелеп берді. Арнайы құттықтап келген Мұрат Рахметұлына өзінің жылы лебізін білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Мұрат Рахметұлы облыстық филиал қызметкерлері атынан Митрохина Алевтина Тимофеевнаны 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, ұзақ өмір, қажымас қайрат және немере, шөберелерінің қызығын көруді тілеп, арнайы сыйлығын сыйлады.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале