Орал қалалық №2 емхана қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтаулар арнады.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының жеңісіне үлес қосқан 665 соғыс ардагері бар. Батыс Қазақстан облысы бойынша 38 соғыс ардагері қалған.
Еңбек ұжымымен ардагерлерге шағын құттықтау ұйымдастырған №2 емхана қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Раиса Каргиева сөз сөйледі.
- Ұжымымызбен әр жыл сайын, әр мейрам сайын ҰОС ардагерлердің үйіне барып, қажетті көмектерді көрсетіп, құттықтаулар ұйымдастырып тұрамыз. Олардың ішінде майдан шебінде жаралы жауынгерлерді емдеген ардагерлеріміз де бар.
«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»» РҚБ БҚО филиалы бұл бастамаларымызға әрдайым қолдау білдіріп отырады, - деді ол.
Майдангерлердің үйіне құттықтап барған емхана қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері ардагерлеріміздің денсаулығына да бақылау жасап, жағдайларын медициналық тұрғыдан тексеріп қайтты.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ