БҚО білім басқармасы «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Соғыстың үшбу хаттары" атты жинағы шықты.
Жинақта Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған 75 жауынгердің 100-ден астам хаттары жинақталған.
Хаттардың көшірмесі мен иесі туралы мәліметтерді жинақтауға 2015 жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық, аудандық, қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталықтары өлкетану үйірмесінің оқушылары мен қосымша білім беру педагогтары жұмыстанды. Отан үшін от кешкен, елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасып, майдан даласында қалған талай боздақтың сағынышқа толы хаттары қағаз бетіне түсіріліп, мәліметтер қоса берілді.
Жинақ мектеп оқушылары мен педагогтарға арналғандықтан наградалары қоса берілді.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі