22.06.2025, 14:30
Оқылды: 717

Солтүстік Кореяда алғаш рет өмірге келген бесемдер перзентханадан шықты

Солтүстік Кореяда алғаш рет тіркелген бесемдер ауруханадан шамамен бес айлық бақылаудан кейін шығарылды, деп жазды Анадолы агенттігі.

Cute Little Caucasian Newborn Baby Lying in Bassinet in a Maternity Hospital. Portrait of a Tiny Playful and Energetic Child with a Name ID Tag on the Leg. Healthcare, Pregnancy and Motherhood Concept

Фото: iStock 

Оңтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі (KCNA) хабарлағандай, Пхеньян қаласының тұрғыны Пак Кён Сим бірден бірнеше баланы күтіп жүргенін білген соң босану үйіне жіберілген.

Пак ерекше медициналық көмек алған және 31 қаңтарда бес баланы дүниеге әкелген — екі ұл және үш қыз. Бұл ел тарихындағы алғаш рет ресми тіркелген бесемдер туылуы.

Хабарламада бес ай бойы бақылауда болған нәрестелердің сәтті шығарылып, үйлеріне жіберілгені айтылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале