Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 0,3% төмендеді. Бұл жайында Ұлттық статбюродан хабарланды, деп жазды ҚазАқпарат.
Сурет: pixabay.com
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Күнбағыс майы — 635 тг/л
Рожки — 319 тг/кг
Сәбіз — 189 тг/кг
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді.
Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.
Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.