22.09.2024, 17:30
Оқылды: 47

Соңғы аптада қарақұмық, ірімшік пен көкөніс біршама арзандады

Ұлттық статистика бюросы азық-түлік бағасындағы өзгеріс жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Kazinform

IMG-20240921-WA0000Фото: Pixabay

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде де, жылдық мәнде де өзгеріссіз қалды.

Бір аптаның ішінде қарақұмық, ірімшік және көкөніс бағасы арзандаған.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кей тауарлардың орташа бағасы:

Күріш — 478 тг/кг

Айран 2,5% — 428 тг/л

Құмшекер — 411 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Баға қымбаттағаны не арзандағаны туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале