29.09.2021, 15:31
Оқылды: 19

Соңғы екі аптада коронавирустан болатын өлім-жітім 80% азайды - ВАК

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210929162416458e
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Соңғы екі аптада COVID-19 ауру көрсеткіші - 60%, өлім деңгейі - 80% төмендеді. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі деңгейінің 56%-дан 33% дейін, реанимациялық төсектердің - 45%-дан 32% дейін төмендегені байқалады. Комиссия отырысы барысында ел өңірлеріндегі коронавирустық инфекцияның жағдайы және азаматтарды вакцинациялау деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Премьер-Министрдің орынбасары өңірлерге иммундау қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Сонымен қатар ВАК келушілердің мәртебесін тексермейтін Ashyq жүйесінің 12 мың жосықсыз қатысушысын 2 аптаға жүйеден алып тастау туралы шешім қабылдады. Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылай келе Ералы Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар беріп, ВАК қатысушыларының алдында таяу уақыттағы басым міндеттерді белгіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале