2022 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 39 763 грант берілді. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: freepik.com
Грант алушылардың санаттары бөлінісінде 16 734 грант көпбалалы отбасыларға, 5 142 грант – мүгедектігі бар адамдарға, 3 498 – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 1 611 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 1 024 – асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 11 754 – басқа санаттарға берілді.