БҚО Жәнібек аудандық сотымен басқа тұрғын үй берілместен, тұрғын үйден мәжбүрлі түрде шығару туралы азаматтық іс қаралып, аяқталды.
Сурет: istockphoto.com
Іс қарау барысында сотпен келесі мән-жайлар анықталды, талап қоюшы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемесі пәтерді тексеру бойынша бірнеше рет рейд жасап, жауапкердің аталған пәтерде тұрмайтынын анықтап, басқа тұрғын үй берiлместен, тұрғын үйден мәжбүрлі түрде шығару туралы талабын қанағаттандыруды сұрады.
Алайда, сот отырысында анықталғандай, жауапкердің ЖШС-де жұмыс жасағаны ЖШС-нің анықтамасымен расталады.
Қазіргі уақытта жауапкер 2024 жылдан бастап, Абай облысындағы 10810 әскери бөлімі штабы барлау ротасы барлау взводының «авиакөздеуші» ретінде қызмет етеді. Тұрғын үй бойынша бережағы жоқ екенін, коммуналдық қызметтер үшін қарыз өтеліп, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жауапкер төлем төленгенін айтып, соттан талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруын сұрайды.
Сот іс материалдарын зерделей келе, жауапкердің актілерде көрсетілген мерзімде тұрғылықты жері бойынша келмеуі оны тұрғылықты жерінен шығаруға негіз бола алмайды қорытындыға келді.
Талап қоюшымен ұсынылған делелдемерге сәйкес, 2024 жылғы ақпан, мамыр, шілде, тамыз айларында жалға алынған үйде жауапкердің болмауы туралы актілер жасалған.
Жауапкердің түсініктемелерінен оның 2024 жылдан бастап Абай облысында жұмыс жасайтыны белгілі болды, бұл факт қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының бұйрығымен расталады.
Заңның 86-бабы 1-бөлігінің 1), 2) тармақтарына сай, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде не Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзiмi iшiнде және еңбек шарты бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкiл жұмыс iстеген уақыты iшiнде сақталады.
Осылайша, жауапкерді мемлекеттік тұрғын үйден шығарудың заңды негіздерінің болмауына байланысты талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.
Шешім заңды күшіне енді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі